HALYQLINE.KZ «Елім» деп кеудесінде патриоттық жалын жанғандар көп. Алайда елдің басына іс түскенде, кешегі елі үшін жанын берер азаматтар жоғалып кетеді. «Қайсар» атты адамның қайсарлығынан, «Қайрат» атты адамның қайратынан айырылғанын көреміз. Ата-бабалары екі сөйлемеген қазақтар үшін бұл ұят нәрсе емес пе? Алып қарасақ арамызда тілімен талай істі тындырған жігіттер бар. Сөзіне сенсек, одан асқан батыр табылмайды. Бетперделері шешілгенде, оның қандай адам екеніне көзің жетеді.
Болмашы қағаз үшін елін сатып, өз ағайын-жұртына жеккөрінішті болғандар көбейіп келеді. Байлыққа құнығып, туып-өскен жерін сататындар көп. Кеудесінде нағыз еліне деген махаббаты болып, «елім үшін жанымды беремін, нағыз патриотпын» деген азаматтар да сол ақшаның тұтқыны болып жатады.
Теңеу ретінде бір қызықты жайтты алайын. Кеше ғана еліне патриот болып отырған бір досым, сорланған Боратқа ашуланып отыр еді. Бірер уақыттан соң «Борат кешірім сұрады» деп мәз болып келді. Оның көк туыңды аяқ асты еткені, қаракөз қарындастарыңды ұсқынсыз дегені, еліңді әлем көзінше сорлы қылып көрсеткені ұмытылып қалды. Бір мезетте жанып-өшер намыстарына болайын! Тек ғана жалған ұран, жалған намыс! Жалған намыстың жалғанды басып алғаны осы ма? Сонда біз патриотпыз деп кімді алдап жүрміз?
Дамир СЕЙІЛХАНОВ,
Фото: Abai.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!