HALYQLINE.KZ LeoLabs компаниясы хабарлағандай Жерден 991 км биіктіктегі орбитадағы екі нысан – кеңестік ескі жерсерік пен қытай зымыранының сатысы – бір-бірінен 25 метрде өтіп кетті. Жалпы массасы 2800 кг нәрселер соқтығысқанда, Жер маңындағы ғарыштық қоқыс саны бірден 20%-ке артатын еді.
Еуропа ғарыш агенттігі ғалымдарының бағалауынша, қазір Жер маңындағы орбитада 10 сантиметрден үлкен 34 000 нысан, 1-10 сантиметрлік 900 000 нысан және мөлшері 1 мм – 1 см болатын 128 000 000 қоқыс кесегі ұшып жүр. ХҒС ұшатын 400 км биіктікте олардың жылдамдығы 25 160 км/сағ құрайды.
«Ғылым жаңалықтары» тобынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!