Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Садыр Жапаров: «Қырғызстандағы барлық билік менің қолыма өтті»

16.10.2020, 9:35 508

HALYQLINE.KZ

Кеше ғана Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалған Садыр Жапаров 15 қазанда кешкісін жақтастарының алдына шығып, «президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін» айтып, «барлық билік менің қолыма өтті» деді.

Билік экс-депутат Жапаровты 2013 жылы Құмтөр алтын кенішін мемлекет иелігіне алу талабымен Қарақол ауылында митинг ұйымдастырып, сол кездегі Ыстықкөл облысының әкімін кепілге алған деген айыппен 2017 жылы тамызда соттап, 11,5 жылға түрмеге қамаған еді. 6 қазанда елде парламент сайлауының нәтижесіне қарсы наразылық кезінде Жапаровтың жақтастары оны қамаудан босатып алды.

14 қазанда парламент Жапаровты премьер-министр етіп тағайындаған. Жапаров пен оның жақтастары Сороонбай Жээнбековтің президенттіктен кетуін талап еткен.

15 қазанда Жээнбеков президенттің ресми сайтында мәлімдеме жариялап, отставкаға кеткенін мәлімдеді. Осы күні кешкісін Жапаров Жээнбековтің отставкасын талап етіп тұрған жақтастарының алдына шығып тарауға шақырды.

«Барлығы орнына келді. Бұрынғы президент Сооронбай Жээнбеков арызын жазып беріп кетті. Спикер Канат Исаев оның міндетін атқару мүмкін емес екен деп, арызын жазып берді. Бүгін президенттің міндетін атқарушы жаңа премьер-министр деген қызмет маған өтті. Көп рақмет. Үйлеріңізге қайтсаңыздар болады» деді ол.

Қырғызстан Конституциясы бойынша, егер ел президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетсе, жаңа президент сайланғанша оның міндетін Жогорку кеңеш төрағасы атқарады. Егер парламент спикері президент міндетін атқара алмаса, бұл міндет премьер-министрге көшеді.

12 қазанда қырғыз парламентінің спикері ретінде бекітілген Канат Исаев 24kg сайтына берген пікірінде «парламенттің алтыншы шақырылымының мерзімі өткендіктен президент міндетін атқарушы қызметіне кірісуге моральдық құқығы жоғын» айтқан. Исаев мүше «Қырғызстан» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрбек Әлімбеков Азаттықтың Қырғыз қызметіне Исаевтың өз еркімен президент міндетін атқарудан бас тартқанын жеткізді. «Бірақ Исаев Жогорку кеңеш төрағасы болып қала береді» деді ол.

  • Жээнбеков 15 қазанда жұрт алдына шыққан жоқ. Ол – кейінгі 15 жылда Қырғызстанда биліктен кетуге мәжбүр болған үшінші президент. Бұған дейін Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев елдегі революция нәтижесіне биліктен кеткен.
  • Қырғызстанда 4 қазанда парламент сайлауында Жээнбековке жақын үш партия және бір оппозициялық партия Жогорку кеңешке өткен. Осыдан кейін 5 қазанда жұрт «билікке жақын партиялар жұрттың дауысын сатып алды, әкімшілік ресурстарды пайдаланды» деп, нәтижемен келіспей наразылыққа шықты.
  • 6 қазанға ауған түні наразылар парламент пен президент отыратын «Ақ үйді», Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын басып алған. Наразылықтан соң Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жойып, қайта сайлау өткізетінін мәлімдеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: