Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы қалаға қарасты елді мекендерді аралады

12.02.2020, 12:05 519

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақов қалаға қарасты елді мекендерді аралады. Мақсаты – тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысу.

Алдымен аймақ басшысы Ақжарма ауылдық округіндегі Баймұрат батыр ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 150 орындық мәдениет үйінде болды. Бұл ауылдық округтің елді мекендерінде ауызсу, кәріз жүйелерінің мәселесі толық шешілген, енді «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Талдыарал ауылына 9 көшеге тас төсеу және электр жабдығын жүргізу жоспарлануда.

Мұнан кейін аймақ басшысы тұрғын саны 6000-нан асатын Ақсуат ауылдық округінде болды. «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» шеңберінде бұл ауылдық округтегі бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарық бағаналары жаңартылған. Сонымен қатар балабақшаға баратын балалар саны артуына байланысты бөбекжай мәселесі де толық қарастырылған. Дегенмен, ауыл тұрғындары өңір басшысымен кездесуде табиғи газ тарту мәселесін көтерді. Аймақ басшысы табиғи газға қосылу үшін биылғы жылы да республикалық бюджеттен қаржы қаралғандығын айтты. Алдағы уақытта құрылыс- монтаж жұмыстары басталатын болады.

Өңір басшысының тұрғындармен кездесуі Тасбөгет кентінде жалғасты. Мұндағы мәселелер: кенттің жаңадан қалыптасқан аумағына жалпы ұзындығы 17 км электр желісін жүргізу, жаңа емхана мен көшелердегі жолға малта тас төсеу және №5 олимпиадалық  резерв спорт мектебіндегі  спортшыларға жағдай жасау қажеттігін айтты.

Облыс әкімі ары қарай Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Белкөлдіктер жалпы ұзындығы 7,8 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыру мен К.Әбдіқадыров көшесі тұрғындарына теміржол өткелінен жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу мәселесін айтты. Сондай-ақ, «Зеленая» көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнату мен «Балапан» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін жеткізді.

Теміржол, аспалы көпір мәсесіне қатысты қала әкімі Н.Нәлібаев тиісті министрлікке ұсыныс жолданғанын атап өтті.

Ал, Қарауылтөбе ауылдық округінде ауызсу, жол, көркейту-көгалдандыру бағыты бойынша жұмыстары жолға қойылған. Ауылдық округ тұрғындары өтініш-тілектерін тыңдауға келген аймақ басшысына алғыстарын айтып, жаңа клуб үйі салынса деген тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, аймақ басшысы Қосшыңырау, Қызылжарма ауылдық округтері мен Талсуат елді мекенінде де болды.

Мұнан кейін өңір басшысы 3 елді мекенге біріккен, 3500-ден аса тұрғыны бар Қызылөзек ауылдық округінде болды. Айнакөл, Қараөзек, Жаңаарық елді мекендеріндегі жол мәселесі шешілген. Алайда тұрғындар ауылдық округке қарасты 3 елді мекенді ілеспе газбен қамту мәселесі туралы сауалдарын қойды. Аймақ басшысы 2019 жылы республикалық бюджеттен теңге қаржы бөлінгендігін айтты.

«2019 жылға республикалық бюджеттен 2 жобаны аяқтауға және Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек аудан орталықтары мен  Жақсықылышты газдандыру жобасын бастауға қаржы қарастырылды. Бұдан бөлек, аталған жобаларды қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен де қаржы бөлінді. Алдағы уақытта «көгілдір отынға» барлық аудандар мен қалаға қарасты елді мекендер де қосылатын болады»,-деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: