— Түсінбеймін: кедейге барсаң – ақжарқын, қолдан келгенше көмектесуге асығады. Байға барсаң – көкіректеніп, сені тыңдамақ түгіл, байқамайды да. Шыныңда да ақшаның әсері осыншалықты күшті ме не?
— Терезеге қарап, не көріп тұрғаныңды айтшы?
— Бір әйелді баласымен, базар жаққа кетіп бара жатқан арбашы…
— Жақсы. Енді айнаға қара, не көріп тұрсың?
— Айнадан не көруші едім? Өзімді ғана.
— Негізінде терезе де әйнектен, айна да әйнектен жасалынған. Алайда аздап күміс себілген әйнектен – өзіңнен өзгені көре алмайсың.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!