Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдың сапасы стандартқа сай келді

03.09.2020, 15:15 433

HALYQLINE.KZ Биыл аудан орталығына іргелес орналасқан Ғ.Мұратбаев ауылында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 4 жоба қолға алынды. Жоба аясында ауылға көгілдір отын тартылып жатыр. Сондай-ақ, «Ақарық» каналының арнасы тазаланып, «Балдәурен» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша 7 көшенің тозығы жеткен аяқ су трубалары ауыстырылып, асфальт төселді.

Мемлекеттің қаржысына атқарылған жұмыстардың барлығы сапалы болуы тиіс. Сондықтан «Стандарт Строй Сервис» ЖШС-ның зертхана қызметкерлері Ғ.Мұратбаев ауылындағы Абай, Ғ.Мұратбаев, Т.Әубәкіров, К.Іскендіров, Батыс, Жеңістің 40 жылдығы және О.Жарылқасынов көшелеріне төселген асфальтті-бетон жамылғысының сапасы мен талапқа сай болуын тексерді.

Лабораториялық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес ауыл көшелерін асфальттаған мердігер мекемелер «Нұрас и К» ЖШС және «Қазалы Тұлпары» ЖШС-лары стандартқа сай сапалы орындағаны анықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: