Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мбаппе – Зиданның арманы

16.08.2020, 18:00 407

HALYQLINE.KZ

Бір өкініштісі, бұл трансфер осы жазда жүзеге аспайды.

«Реал Мадридтің» Килиан Мбаппеге қызығушылығы бірнеше жылдан бері айтылып келе жатыр. Тіпті, «Реал Мадрид» келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін шабуылшыны тегін аламыз деп үміттенеді. Ал қазіргі коронавирустық пандемияға байланысты «Реалдың» Мбаппе түгілі Хаверцті алуға ақшасы жоқ екені мәлім болды.

Мбаппе тек талантының арқасында ойнап жүрген жоқ. Оның (дәлірек айтқанда, оның отбасы) бүкіл мансабына арналған жоспары бар. Жоспар бала кезінде жасалды, ол кезде 12 жастағы Килиан «Клерфонтен» академиясында ойнады. Мбаппенің отбасымен бірнеше жыл бойы тығыз байланыста болған және тек Килиан туралы жазған француз журналисті Ронан Боше Мбаппе ата-анасына «ПСЖ-ға» барып, сол жерде Чемпиондар лигасын және «Алтын допты» жеңіп, содан кейін басқа клубқа кету керек екенін айтқан. Басқа клуб – бұл «Реал», Килиан бала кезінен Корольдік клубқа жанкүйерлік етті. «Ол өте мықты. Егер ол бір нәрсені қаласа, оны райынан қайтару мүмкін емес», – деп жазады Боше.

«ПСЖ-ның» бұрынғы жұлдызы Жером Ротенге берген сұхбатында Мбаппе туралы былай деді: «Менің кішкентай кезімнен жоспарым болған. Мансабымның қандай болатынын білдім, қайда баратынымды білдім. Мен назарымды тек осыған аудардым».

Мбаппе болашақ өмірін қалай жоспарлады?

Баланың ата-анасы – Мбаппенің керемет ойнауының негізгі себебі. Әкесі Вильфрид және анасы Файза – бұрынғы спортшылар. Алты жасынан бастап Килиан әкесінің басшылығымен балалар мектебінде жаттығу жасады. Ол көп ұзамай үлкен балалармен ойнай бастады. Оның таланты көптеген жергілікті клубтардың назарын өзіне аударды, бірақ Мбаппе бәрінен бас тартты. Вильфрид өзінің ұлын тым қатты ойлады, Бошенің айтуынша, әкесі оны «Зиданнан бергі ең жақсы француз ойыншысы» деп атаған екен және баладан ерекше бір нәрсені күтті. Ол оны «Клерфонтен» академиясына жіберді – Франциядағы ең танымал футбол мектебі, ол жерде Николас Анелька мен Тьерри Анри жаттыққан екен.

Мбаппе 11 жаста болғанда, оны «Челси» скауттары командаға алып келді. Ол академияға шақырылып, ол жерде бір апта болды. Бір матч ойнады (Чарльтон академиясын 8:0 есебімен жеңді, Челси сапында Мбаппе мен Абрахам шабуыл шебінде ойнады), Стэмфорд Бриджге барып, Карло Анчелоттимен кездесті, Дидье Дрогбамен суретке түсті, 10-нөмірлі өзінің аты жазылған клубтың жейдесін алды.

«Челси» ойыншыны алу үшін бәрін жасады – бірақ ата-анасы бұл ұсыныстан бас тартты. Мбаппенің өзі қатты қуанғанымен, ата-анасы оны басқа елге, әсіресе көбінесе жас шәкірттерін жалға жіберетін клубқа жібергісі келмеді. Ата-анасы Мбаппені жалда ойнайтын ойыншы деп санамады. «Олар оның «Челсиде» құлайтынын білді. Килианның өзі мұны түсінді. Үлкен клубта жас таланттар өте көп, тіпті Мбаппенің өзін ұмытып кетеді», – деп түсіндірді Боше. Сонымен, Мбаппе «Бонди» мектебіне оралды. Ол үйден 70 шақырым жерде болған, бірақ демалыс күндері ол туған қаласына келіп, өз клубы үшін ойнайтын болған.

Үш жылдан кейін Вильфридке «Реал Мадридтен» қоңырау шалды. Тарих қайталанды: отбасы мұны жаңа тәжірибе алу мүмкіндігі ретінде көрді. Килиан әкесімен және ағасымен бірге Мадридке барды, онда бала «Реал Мадрид» академиясында ойнады, Криштиану Роналдумен суретке түсті – бірақ клубқа ауысудан бас тартты. Килианды әуежайда Зинедин Зидан жеке қарсы алғанына қарамастан. Ол кезде Зидан «Реал Мадридтің» спорт директоры еді.

Кейін Мбаппе бұл туралы былай деді: «Оның қымбат көлігі болған. Әрине, бұл – Зидан! Ол бізге «Реал Мадридтің» базасында ойнауды ұсынды. Бірақ мен қатты қорыққаным соншалық, тоңып қалдым. Мен көлікке мінер кезде аяқкиімімді шешуім керек пе деп сұрадым. Бұл өте қызықты, бірақ бұл Зиданның жеке көлігі болды! Мен жай Бонди баласымын. Сондықтан армандап жатырмын ба деп ойладым».

Килианға бұл жағдай қатты әсер етті, бірақ бұл ештеңені өзгертпеді. Боше жағдайды былай суреттейді: «Олар Мадридке демалысқа барғандай болды. Килианның өзі мұны 14 жасқа толғаным үшін сыйлық деп санады. «Реалға» көшу туралы ұсыныс болмады».

Ал әкесі Вильфрид былай деді: «Біз Мадридке Килианның таланты немесе мансабы туралы жаңа нәрсе білуге ​​барған жоқпыз. Оны қуанту үшін бардық».

«Клерфонтен» академиясының бұрынғы директоры Жерар Прешё Мбаппе туралы: «Килиан өзінің бала кезінен талантты екенін түсінді. Ол футбол әлемінде жүзіп жүрді, оған қызығушылық көп болды, бірақ ол сабырлы болды және өзі белгілеген деңгейге жете алатындығын білді», – деді.

Десе де, Мбаппенің балалық шағындағы ерекше клуб «Реал» болды. Ол Зиданды мақтан тұтты: «Егер сіз француз болсаңыз, онда сіз Зиданды ұнатасыз. Мен оны кішкентай кезімнен құрметтедім», – деді Мбаппе.

Сонымен қатар, ол өзінің кумирі Криштиану Роналду екенін де бірнеше рет айтқан. «Мен өскенде өзімді онымен салыстырдым. Оның суреттері менің бөлмемде ілулі тұрды. Ол өте талантты, бірақ ол одан сайын мықты ойнай берді. Бұл аңызға айналудың жалғыз жолы».

«Клерфонтенде» екі жыл ойнағаннан кейін, Мбаппе чемпионатта ең жақсы орындарды иемденген және жас ойыншыларға сенім білдірген «Монако» командасына ауысты. Бірақ «Реал Мадридке» деген ерекше көзқарас сол қалпында қалды.

«Реал Мадридпен» қарым-қатынас

2017/2018 жылғы маусымның соңында Мбаппе іс жүзінде «Реал Мадридке» көшкен болатын. «Монако» «Реалдың» 160 миллиондық ұсынысын қабылдады, Килиан Криштианумен бірге ойнауға да дайын болды. Бірақ ата-анасы күмәнданды. Мадридтік клубтан және Париждік клубтан екі ұсыныс түсті. Олар қай клубта жас шабуылшының маңызды рөлге ие болатындығына қызығушылық танытты. Роналду, Бэйл және Бензема үлкен кедергі болып көрінді -және олар Парижді таңдады. Біраз уақыттан кейін Криштиану мен Зидан «Реалдан» кетіп қалды. Бірақ ойыншыға деген қызығушылық дәл бұрынғы қалпында болды. Әрине, ол тек Зиданның оралуымен күшейе түсті.

Зидан мен Мбаппе бірнеше жылдан бері жақсы қарым-қатынаста. Қарашада «Реал Мадрид» пен «ПСЖ» Чемпиондар лигасында ойнаған кезде, Зидан Килианға «ғашық болғанын» айтты. Осыдан біраз уақыт бұрын ол кәсіби этиканың шегінен шығып, БАҚ-қа Килиан туралы ақпаратты жайып салған болатын: «Мбаппе жақында өзінің болашағын анықтайды. Оның өзі айтқандай бір ғана арманы бар – «Реал Мадрид» ойыншысы атану», – деді Зидан.

Мбаппені үнемі еске салу «ПСЖ-ны» қатты ашуландырды. Париждік клубтың спорт директоры Леонардо Зиданның сөзіне түсініктеме берді: «Біздің команда ойыншысын үнемі талқылауы бізді қатты мазалайды. Ол тоқтауы керек. Мен Зиданды қатты құрметтеймін, бірақ қазір Мбаппені жайына қалдырған дұрыс. Оның тағы екі жарым жылдық келісімшарты бар және бізбен ойнайтынына өте қуаныштымыз».

Зидан «ПСЖ-ның» бұл ескертуін қабыл алды. 2020 жылдың басында ол Мбаппе туралы сөйлесуден бас тартты: «Мен басқа команданың ойыншысы туралы айта алмаймын. Жабық есіктің арғы жағында ол туралы сөйлесу – бұл құрметсіздік, сіз менің Килианды қаншалықты жақсы құрметтейтінімді білесіз», – деді Зинедин берген сұхбатында

Келесі жаз – «ПСЖ» клубының Мбаппе үшін ақша алуға болатын соңғы мүмкіндігі

Келісімшартты ұзарту туралы сұрағанда, футболшының өзі былай жауап берді: «Мен тек футбол ойнағым келеді. Мен футболға ден қойдым және сыртқы нәрселерді талқылағым келмейді».

Франция чемпионаты 28 сәуірде аяқталды. Футболсыз екі жарым ай ішінде келіссөздер туралы жаңалықтар болған жоқ. Леонардо Килианның командада қалатынын мәлімдеді, бірақ болашаққа деген сенім жоқ. «Бұл жазда Неймар да, Мбаппе де ешқайда кетпейді. Олардың келісімшарты тағы екі маусымға жарамды, біз бұдан әрі не істеу керектігін ойлап отырмыз. Тез арада ынтымақтастығымызды кеңейтудің жолын табуымыз керек», – деді Леонардо.

Мбаппенің «ПСЖ-мен» келісімшартты ұзартады деген нұсқаны 100% жоққа шығаруға да болмайды. Бірақ егер сіз ойыншының өзі не айтқанын, Зиданның айтқанын және Парижде бұл жағдайға қалай қарайтындығын аңғарсаңыз, онда бұл нұсқаны жоққа шығара аласыз. Ол Парижде маңызды жүлдені ұтып алғысы келетіні анық, сондықтан асықпайды. Оның үстіне ол – небәрі 21 жаста. Бірақ Зиданның басшылығымен ойнау ниеті оның сұхбатында ашық айтылған.

Мбаппе алдын-ала құрылған жоспар бойынша қозғалатын сияқты, ал Париж бұл жоспардағы соңғы аялдама емес. Бұл жағдайдағы «ПСЖ» таңдауы – шабуылшыны 2021 жылдың жазында көп ақшаға сату немесе 2022 жылдың жазында тегін жіберу.

Ернар ЛАМҚАДЫРОВ,

Aladop.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: