Еліміздің атақты ауыр атлетшісі, 4 дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин әлеуметтік парақшасында өз ойымен бөлісті, деп жазады Prosports.
«Осы басылымда мен өзімнің мансабыма және сол кездегі спорттан шеттетілуге қатысты маңызды тақырыпқа тоқталғым келеді…
Мені допинг жанжалына кінәлі деп санайтындарға жауап бергім келеді.⠀
Мен қазір Олимпиада гонорарларын қайтару туралы жазбалар жөнінде айтып отырмын.⠀
Мен өзімді кінәлі деп санамаймын, өйткені бұған маңызды себептер бар.⠀
Сонымен қатар, мен өзімнің баспасөз конференцияларымның бірінде, Мемлекет Олимпиада алымдарын қайтаруын сұраса, мен қайтарамын дегенім бар.⠀
Менің ойымша, айыптап жазып отырған адам спортты аздап қана білсе, менің еш кінәм жоқтығын түсінер еді.⠀
Сол уақытта мен бар соққыны өзіме алған болатынмын, бірақ мен оған еш өкінбеймін.⠀
Өкінбейтін себебім, менің халқым мені әрқашан қолдап отырды!⠀
Менімен бірге жеңіске жетіп, менімен бірге қуанған халқым!⠀
Көпшілік менің осы жеңістер үшін не бергенімді түсініп біледі…⠀
Мен жастық пен денсаулығымды бердім, ал оларды ешқашан қайтаруға болмайды.⠀ Алайда Халқым мені соны қайтадан жасауын сұраса, мен еш ойланбастан тағыда жасар едім!», – дейді қызылордалық зілтемірші.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!