HALYQLINE.KZ Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның «Әл-Айн» клубымен қанша уақытқа келісімшарт жасағаны анықталды, – деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Жартылай қорғаушы БАӘ-не бір апта бұрын барды. Ол келе салысымен коронавирусқа тест тапсырып, карантинде жатты. Тесттің қорытындысы бойынша, Исламханнан вирус шыққан жоқ.
Қазіргі уақытта клуб пен футболшының агенті келіссөз жүргізіп жатыр. Исламхан «Әл-Айн» клубымен үш жылға келісімшарт жасауы мүмкін. Оның жылдық жалақысы 1,5 миллион доллар болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!