Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәнерлеп оқу байқауы өтті

18.11.2026, 10:25 20

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалардың ұйытқы болуымен А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана төрінде «Тіл шеберлері» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Тағылымды кештің басты мұраты – жас өрендердің бойындағы шығармашылық қарым-қабілетті шыңдап, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту, сол арқылы ана тіліміздің қадір-қасиетін ұлықтау. Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ақпарат таратты.

Сөз құдіретін сезінуге мүмкіндік берген бұл поэзия бәйгесінде 9 үміткер бақ сынап, туған тіл мен ана тілі хақындағы жауһар жырларды нақышына келтіре орындады. Әрбір өнерпаз өзінің дауыс ырғағы, сахна мәдениеті және өлең өзегіндегі терең ойды тыңдарман жүрегіне жеткізу шеберлігімен дараланды.

Алқалы доданың әділ әрі шынайы бағалануына өз саласының майталмандарынан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Олардың қатарында Қызылорда «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Қадыргүл Шаймағанбетова, талантты ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген танымал әндердің авторы Ақжол Түменбай және І.Қабдолов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Света Әлібекова болды.

Байқау қорытындысы бойынша суырылып алға шыққан үздіктер анықталып, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

І орын – №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасының оқырманы Хамза Еркеназ;

ІІ орын – Абай ауылдық кітапханасының оқырманы Болатбек Айару;

ІІІ орын – №10 Қызылөзек ауылдық кітапханасының оқырманы Бақытбекқызы Еркеназ.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Тіл шеберлері» байқауы – жай ғана өлең оқу жарысы емес, бұл – сөз өнерінің інжу-маржанын паш етіп, жас ұрпақтың санасына туған тілге деген сүйіспеншілік дәнін егетін рухани орда. Ана тілі – ұлттың рухы, халықтың үні, болашаққа аманат болар баға жетпес асыл мұра.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: