Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қыркүйекте кімдердің жалақысы өседі?

29.07.2020, 10:25 900

HALYQLINE.KZ ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын көтеру мәселесін бірінші қыркүйектен бастап шешуді тапсырды. Бұл туралы ол министрліктің аппарат отырысында айтты.

Ұлттық сенім кеңесінің отырысында мемлекет басшысы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша тапсырма берді. Осы мәселені орындауымыз керек. Министрлікке бағынышты оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіру мәселесін бірінші қыркүйектен бастап шешуіміз керек. Тиісті талдау жұмыстары жүргізілді және оған мүмкіндік бар. Бұл мәселені бірінші қыркүйектен жүзеге асыруды тапсырамын, – деді бас мұғалім.

Аппарат отырысында білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев:

Барлық жоғары оқу орны 2018 жылмен салыстырғанда 2019-2020 оқу жылында оқытушылардың жалақысын орташа есеппен 20% пайызға көтерген болатын. Ал 2020-21 оқу жылында шамамен 32% пайызға көбейеді деп жоспарланып отыр, – деді ол.

Пікірлер:
  • сонда пол жуатын не істеиді мұғалімдерді аилық екі уш мың пол жуатындарды 33мың олардан қаи жеріміз кем қолымызда демплом жоқ болмағансынба 5балам бар куиеуім жұмыс істемеит жұмыс жоқ атаулы комекте алмаимын жұртын малы болсада шығат ал менде малда жоқ бірақ балалар ақшасын есептеп асырып қоиады отыратын жерімізде екі болме там балалар тамағы ше бес бала қазір бәрі қымбат оларға дұрыс тамақта алып бере алмаисын басымызда уш төрт кредид бар куиеуім жұмыс жоқ болғансын темір қазған ұсталып қалып услобия алды

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: