Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тіл жоқ жерде ұлт та жоқ

12.11.2026, 9:00 20

HALYQLINE.KZ

Тіл жай сөйлесу құралы емес, ол – ұлттың жаны мен рухы. Қазақ тілі – ата-бабамыздан қалған ең қымбат мұра. Оның әр сөзінде даланың кеңдігі, батырлардың ерлігі, ақындардың даналығы жатыр. Тіл жоқ жерде ұлт та жоқ.

Тілінен айырылған халық рухынан айырылады. Бүгін ана тілімізді таза сақтау – әрқайсысымыздың қасиетті борышымыз. Өкініштісі сол, кейбіріміз өз тілімізді ұмытып, басқа тілге еліктеп, орысша-қазақша араластырып сөйлейміз. Бұл – үлкен қателік. Ана тілімізде еркін сөйлеп, ойлай алсақ қана ұлт болып сақталамыз. Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев сияқты ұлыларымыз тілді қадірлеген. Тілімізді дамыту – болашағымызды дамыту, мемлекетімізді нығайту.

Қорыта келе, қазақ тілін сүйейік, қадірлейік, күнделікті өмірде, мектепте, үйде жиі қолданайық. Кітап оқып, таза сөйлейік. Тіліміз аман болса, ұлтымыз мәңгі жасайды. Тіл – біздің ұлттық рухымыз, ең үлкен мақтанышымыз!

Көркем  ӘДІЛБЕК,

№85 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы.

Жетекшісі: Н.Жакипова

Төретам  кенті

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: