Жаңақорған ауданының әкімі Ғалымжан Жарқынбектің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жаңақорған кентіндегі Ы.Алтынсарин көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлерді аралап, газ жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексерді.
Аралау барысында газ пештерінің орналасу тәртібі назарға алынып, анықталған кемшіліктер бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Газ пеші орнатылған бөлмеде тез тұтанатын заттарды сақтауға болмайды. Газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Әсіресе қатты жел кезінде пеш жалынының ауытқуы салдарынан жақын орналасқан жанғыш заттар тұтанып, өрт шығу қаупі бар.
Сондықтан газ пешінің айналасын бос ұстап, жанғыш материалдарды қауіпсіз қашықтықта сақтау, бөлменің желдетілуін қамтамасыз ету және газ жабдықтарының жарамдылығын тұрақты тексеру маңызды.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әрбір тұрғынның жауапкершілігі!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!