Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада студенттерге әлеуметтік желідегі діни арбаудың қаупі түсіндірілді

09.11.2026, 11:40 44

Қызылордада полиция қызметкерлері мен теолог мамандар колледж студенттерімен кездесіп, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түспеу және интернеттегі күмәнді ақпараттарды ажырату жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Halyqline.kz.

«Діни білім – тәрбие бастауы» тақырыбындағы профилактикалық кездесу Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілдері Нұрдәулет Дербісалин мен Сабыржан Мырзаянов қатысты. Олар студенттерге әлеуметтік желілер арқылы таралатын күмәнді діни уағыздардың қаупін, деструктивті ағымдарға тартудың тәсілдерін және діни экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін заңда көзделген жауапкершілікті түсіндірді.

Әңгіме барысында жастарды интернет арқылы арбау, діни сенімді желеу етіп алаяқтық жасау, азаматтарды отбасынан оқшаулау және олардың көзқарасына қысым көрсету сияқты мәселелер қозғалды. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайларға тап болғанда сақтық танытып, күмәнді ұсыныстардың заңдылығын тексеру қажеттігін ескертті.

Студенттерге деструктивті діни ағымдардың зардаптары туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар полиция өкілдері мен теолог мамандар жастардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік желілерде таралатын ақпаратты саралау және теріс идеологияның ықпалынан қорғану жолдарын талқылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, діни сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз ақпараттық орта құруға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: