Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент жолдауының басым бағыттары талқыланды

06.11.2026, 8:30 33

HALYQLINE.KZ

Кеше Шиелі ауданындағы «Арман» мәдениет үйінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен түсіндіру және оның негізгі міндеттерін халық арасында насихаттау мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Алқалы жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Айдарбек Қожаназаров, энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев, аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген ел дамуының өзекті мәселелері мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, энергетика саласын дамыту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, ауыл шаруашылығын өркендету, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағыттарына баса назар аударылды.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жолдауда белгіленген міндеттердің маңыздылығына тоқталып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасып, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелерге жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: