Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иордания Королі Қазақстанға ресми сапармен келді

05.11.2026, 16:25 24

5 қарашада Иордан Хашимит Корольдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Астанада өтетін халықаралық саммитке қатысады, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Иордания Королі елімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Ақорданың мәліметінше, 5–6 қарашаға жоспарланған ресми сапар аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Ақаба процесінің саммиті өтеді. Иордания Корольдік сарайының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла төрағалық ететін жиында жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік мәселелері қаралады.

Ақаба процесі – Иордания Королінің бастамасымен құрылған, халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған диалог алаңы.

Айта кетейік, ІІ Абдалла Қазақстанға бұған дейін де ресми сапармен келген. 2025 жылғы тамызда Астанада өткен келіссөздер барысында екі елдің сауда, инвестиция және өзге де салалардағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: