Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлын өлтірген қызылордалық 8 жылға сотталды

30.10.2026, 12:05 76

Қанды оқиға биыл 4 шілдеде Қызылорда облысының Арал ауданында болған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, сол күні сотталған тұрғын мен ұлының арасында өз үйінде кикілжің туған.

— Отбасылық жанжал кезінде ол пышақпен ұлының кеуде тұсынан, қолының ішкі тұсынан, басынан пышақ жарақатын салып, жүрек тамырын зақымдап, соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған. ​Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

— Тұрғындардан құқықбұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауды, мұндай жағдай болған кезде құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау қажет екенін ескертеміз, — деп хабарлады прокуратура.


  • Фото: pexels.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: