Жалақысының 80%-ын мұқтаж оқушыларға көмектесуге беретін кениялық жаратылыстану ғылымдарының мұғалімі Питер Табичи 1 000 000 доллар сыйақы алып, әлемнің үздік мұғалімі атанды. Шын мәнінде, бір ғана педагог тұтас бір ұрпаққа серпін бере алды.
Питер Табичи Кенияның өте кедей ауылындағы мектепте жұмыс істейді. Мұнда 58 оқушыға бір мұғалім сабақ береді, ал интернет мүлде жоқ. Соған қарамастан, оның қолдауының арқасында балалар оқуын жалғастырып қана қоймай, беделді ғылыми байқауларда да жеңіске жеткен. Питер жылдар бойы өзіне тек ең қажеттісін ғана қалдырып, оқушыларға мектеп формасы мен оқулықтарды өз ақшасына сатып алып отырған.
Бұл марапат нағыз білім беру адамгершілік пен оқушыға деген сенімде екенін көрсетті. Оның өнегесі әлемдегі миллиондаған адамды шабыттандырып, кез келген тауқыметтен мейірім мен білім алып шығарын көрсетеді.
Аударған Шынар ӘБІЛДА
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!