АҚШ президенті Дональд Трамп «жасанды интеллект» терминіне ресми түрде тыйым салмақ – ол бұған дейін оның атауын «суперинтеллект» деп өзгерткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.
«Жақын арада біз барлық тиісті құжатта және басқа да салаларда дәл еместігі үшін «ЖИ/жасанды интеллект» терминіне ресми түрде тыйым саламыз», — деді Трамп.
Еске сала кетейік, қыркүйектің соңында АҚШ президенті Дональд Трамп «жасанды интеллектіні» ресми түрде «суперинтеллект» деп өзгертіп, тиісті жарлыққа қол қойған еді.
Бұдан соң Ақ үй басшысы ЖИ саласындағы саясатты үйлестіру үшін «Суперинтеллектуалды күш» (Super Intelligence Force) тобын құрды.
Фото: encrypted-tbn0.gstatic.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!