Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Даналыққа ұмтылған досыма хат

27.10.2026, 9:50 67

HALYQLINE.KZ

Қуаныш Еділхантегі, Тәңірлік сенім қазақтың салт-дәстүрімен тамырласа байланысқан себепті ешқашан ұмытылмақ емес.

Бұрынғы қазақ исламы салт-дәстүрге тиіскен жоқ, «Алла – ол Тәңір» деумен «құлақтан теуіп» келді.

Жұрт ол үшін елеңдей қойған емес…

Ендігі ислам қазақтың бар салт-дәстүрін Арабиядан келген, исламнан пайда болған деп, біздің халықтың көнеден келе жатқан Тәңірлік сенімнің төл мағынасына қарсы шыға бастап еді. Сол заматта-ақ қазақ қазақ санасы «өз Тәңірі барын» еске түсіре қойды, оны ашық айта бастады.

Яғни, осыдан «Қазақтың Тәңірлік түсінігі Қазақ деген халықтың өзінің түп тарихын, салтын, мәдениетін, дүниетанымын қорғау иммунитеті деген қорытынды жасауға болады. Бұл осылай екені қазір анық көрінді.

Бұл ұлттық сананы күшейтіп, ұлттығымызды ұлықтауға қатты қызмет етеді.

Ал, қазіргі мемлекеттігіміз ұлттығымызбен байланысты болғандықтан, біз Тәңірлік сенімнің «Тәуелсіздікті қорғайтын наным-сенім, дүниетаным, мәдени әрі идеологиялық принцип (ұстаным)» екенін мойындауымыз керек.

Қоғамның даму заңдарына сәйкес, Мемлекетіміз өркениеттік бағытта күшейген сайын, діннің ролі әлсірей береді.

Ал, «Шексіз әлем қалыбындағы Тәңірлік сенім» салт-дәстүрмен бірге, органикалық байланыста бола отырып, күшейе түседі.

Өйткені, әлем қалай шексіз болса, оның құпиясын білуге деген ұмтылыс та ШЕКСІЗ!

Бұл – табиғатпен етене өмір сүрген, көшіп-қонған Қазақ халқының АШЫҚ САНА ФОРМАСЫ.

Ал, дүниедегі бар нәрсені, соның ішінде адамның ойлау қалыбын да, мінезін де, әрекетін де алдын ала реттеп, «кітап, хадис» деп регламенттеп қойған ислам – ЖАБЫҚ САНА формасы.

Ал, Қазақ жаны қапасты қаламайды, ЕРКІНДІК – оның Болмысы!

Міне, мәселе түйіні осында!

Құрметпен,

Әбдірашит  БӘКІРҰЛЫ,

философ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: