Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Егемен ел – Қазыналы Қазақстан

23.10.2026, 20:25 37

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп жазады баспасөз қызметі.

Аудан басшысы Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің тарихи маңызына тоқталып өтті.

– Бұл күн – еліміз үшін тарихи күн. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға өзгеріс енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Сондықтан бұл тарихи құжаттың еліміз үшін, мемлекеттің әрбір азаматы үшін мән-маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан ұсынысына сәйкес, 2022 жылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтіп келеміз.

Президентіміздің және Үкіметтің қолдауымен, аймақ басшысының тапсырмасымен Сыр өңірінде соңғы жылдары мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, елді мекендердегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілуде. Халқымызда «Бағалай білгенге бақ қонады» деген даналық сөз бар. Бүгінгі таңда еліміздің ең басты байлығы – бейбітшілік пен ынтымақ, елдің тұтастығы. Осы баға жетпес құндылықтарымызды қадірлеп, бірлігімізді бекемдей білсек, еліміздің мерейі қашан да үстем болады. Баршаңызға егемендігіміздің бастауы болған Республика күні тағы да құтты болсын, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Салтанатты іс-шарада ауданның дамуына үлес қосқан азаматтар облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мерекелік салтанатта аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: