Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүл

17.10.2026, 7:00 26

HALYQLINE.KZ

БОЯМАСЫЗ

Мейрамхана. Мерейтой. Кісі қарасы көп. Той әлі бастала қойған жоқ. Жақсылар мен жайсаңдар қолдарына мөлдір бокал толы бір-бір шырын-сусын ұстап алған, әңгіме-дүкен құрып тұр өзара.

Есіктен ең ірі компания президенті көрінді. Сол компания құрамындағы департамент директоры бірінші басшысын көре салып жан-жағына алақтап кетті. Сөйтсек мерейтой иесінің жұбайына берілетін гүлді іздеп тұр екен. Сонадайда тұрған орынбасарына «әкел, әкел тез, бол!» деп қолын бұлғап әлек қалың жұрттың қақ ортасында тұрып. Бағыныштысы да ұшып жетті. Оның қолындағы әдемі қағазға оралған алқызыл раушандарды жұлып ала салып өзінен біраз алыстап кеткен әйдік президентінің соңынан құстай ұшып барады. Костюмі түймеленбегендіктен етегі далаңдап, галстугі де өзінің өрекпіген екпінімен бір жаққа қисайып кеткен, не керек, бір аяғы мұнда, екіншісі анда, президентінің соңынан сүрініп жығылардай жетіп, әлгі раушандарды ұстатып үлгерді-ау әйтеуір.

Басшыны құрметтеу – дұрыс. Алайда құрмет-ізет жалтақтыққа, әбігерге айналмауы керек. Әсіресе, дүйім жұрттың көзінше. Лауазымды адамдардың мәдениет, парасаты ішке, сыртқа тең біткені ғанибет ғой! Бұл сырт адамның сіздерге қарап бой түзеуі үшін керек.

Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

Алматы  қаласы.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: