Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл тұрғыны құс шаруашылығын қолға алды

14.10.2026, 15:45 68

HALYQLINE.KZ

Ауылда кәсіп ашып, өз ісін дамыту – ел экономикасының өркендеуіне қосылған маңызды үлес. Бүгінде мемлекеттік қолдаудың мүмкіндігін тиімді пайдаланып, туған жерінде табыс көзін қалыптастыруға ниетті азаматтардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Арал ауданы Абай ауылының тұрғыны Еркін Нарегеев. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Еркін Нарегеев «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 4,4 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, қаражатты құс шаруашылығын дамытуға бағыттады. Кәсіпкер тауық өсіру ісін қолға алып, ауылдық жерде өнім өндіруді жолға қоюды мақсат етіп отыр. Бұл – табандылық пен еңбекке деген жауапкершілікті ұштастыра отырып, жеке кәсіпті дамытуға жасалған нақты қадам.

Құс шаруашылығы – ауылдық жерлерде дамытуға мүмкіндік мол кәсіп түрлерінің бірі. Кәсіпкердің алға қойған мақсаты – шаруашылығын біртіндеп кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыру, өнім өндіру ісін тұрақты жолға қою. Мұндай бастамалар ауыл тұрғындары үшін кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктерін ашып, жергілікті өндірістің дамуына серпін береді.

Еркіннің бұл бастамасы – ауылда отырып-ақ өз кәсібіңді бастап, адал еңбектің арқасында табысқа жетуге болатынының айқын көрінісі. Ең бастысы, кәсіп бастауға деген ынта мен оны дамытуға деген сенім бар жерде жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Ауылдың дамуы – ауыл адамының белсенділігі мен іскерлігінен басталады. Ал кәсіпкерлікті қолдау – ауыл экономикасын нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың және тұрғындардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасаудың маңызды тетігі.

Осы ретте «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына, қолда бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына және өз ісін өркендетуіне жол ашып келеді. Бағдарламаның игілігін көріп отырған кәсіпкерлердің әрбір бастамасы – ауыл әлеуетін арттыруға бағытталған игі іс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: