Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық ХҚО мекенжайы ауысты

09.10.2026, 12:08 54

Алматыда Жетісу аудандық ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы Жетісу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің жаңа мекенжайға көшетінін хабарлады. 12 қазаннан бастап аталған ХҚО Алматы қаласы, Солтүстік айналма көшесі, 3-үй, «Адем» сауда үйі мекенжайында қызмет көрсетеді. 

  • ХҚО-ның жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері, — деп хабарлады корпорация филиалы.

Еске салайық, қазан айынан бастап қалада кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары ауысты. Кезекші ХҚО ретінде Нұркент шағынауданы, 5/17 үй мекенжайы бойынша орналасқан Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Шұғыла шағынауданы, 347/1 мекенжайында орналасқан Наурызбай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтар қызмет алушыларды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 13:00-ге дейін қабылдайды.

Сондай-ақ, Аққайнар көшесі, 1 және Ақсуат көшесі, 118 мекенжайларында орналасқан екі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларды қабылдайды. Екі орталық жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініштер 18:00-ге дейін қабылданады. Сенбі күні құжаттар 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

Қаланың қалған ХҚО-лары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі – демалыс күні.

Жалпы жыл басынан бері Алматы қаласының тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1,2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды.


Фото: Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: