Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құмжарған каналын қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

08.10.2026, 9:50 36

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Құмжарған каналында жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Құмжарған каналы өз бастауын Сырдария өзенінің Тартоғай елді мекені тұсынан алады. Канал Тартоғай, Майлытоғай және Сұлутөбе елді мекендерін аяқ сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңге. Құмжарған каналын қазу жұмыстарын «Мелиоратор» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде.

Жоба аясында Құмжарған каналының жалпы 28 шақырымын қазу және қайта жаңғырту көзделген. Қазіргі таңда оның 10,2 шақырымы қазылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Жоба толық жүзеге асқан жағдайда Сұлутөбе және Майлытоғай ауылдық округтеріне қарасты елді мекендер мен 5 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқабы аяқ сумен қамтамасыз етіледі.

Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына, суармалы жерлердің тиімді пайдаланылуына және шаруалардың егін егу мүмкіндігін арттыруға оң ықпал етпек.

Аудан басшысы Айтбай Жандарбеков жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: