Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

06.10.2026, 9:40 61

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентінде жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары барысын бақылады.

Қазіргі таңда Шиелі кентіндегі Қожа Ахмет Яссауи, Ш.Бәкіров, Есабыз және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан К-4 каналы арқылы өтетін көпірге дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 1 млрд 520 млн теңгені құрайды. Қайта жаңғыртылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4,04 шақырым. Жобаның бас мердігері «УАД» ЖШС, техникалық қадағалаушысы «СК Энерго-OIL» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «СпецМонтажСтрой LTD» ЖШС жүзеге асырады.

Жоба аясында Қожа Ахмет Яссауи көшесі төрт жолақты етіп жаңғыртылуда. Сонымен қатар, жолдың жүріс бөлігі жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынуда. Жоба толық аяқталғаннан кейін көшелердің инфрақұрылымы жаңартылып, заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылып, жол белгілері мен жол таңбалары жаңартылады. Көше жарықтандыру жүйесі де толықтай жаңғыртылатын болады.

Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: