Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті

06.10.2026, 9:30 57

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Әдеп жөніндегі уәкілінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі саналады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес, ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Есепті кезеңде Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қызметкерлерге заң талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын орындау және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетуіне арналған арнайы қабылдау кестесі жасалып, Инспекцияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды. Кестеге сәйкес қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Қабылдаулар барысында азаматтардың өтініштері қаралып, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын сақтауына қатысты мәселелер зерделенді. Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының 2025 жылғы 23 желтоқсанда бекіткен «2026 жылы азаматтарды жеке қабылдау кестесіне» сәйкес, Азаматтарды қабылдау орталығында 2026 жылғы 11 наурызда, 11 маусымда және 10 қыркүйекте қабылдаулар өткізілді. Қабылдау кезінде облыстың 9 тұрғынына тиісті түсіндірме берілді.

Алдын алу шаралары аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың туындау себептерін талдау және тәуекелдерді азайту жөнінде ұсыныстар енгізу жұмыстары жүргізілді.

Инспекцияның мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылғы 12 ақпанда іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді. 7 наурызда және 6 мамырда WhatsApp мессенджері арқылы қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар 2026 жылғы 15 мамырда қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңында көзделген шектеулер түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілеріне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мониторинг қорытындысы бойынша заң бұзушылық деректері анықталған жоқ.

Атқарылған жұмыстар ұжымда адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етті. Әдеп жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыруға және мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге үлес қосып келеді.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасады.

А. Жолаканов,
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: