Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!
Сіздерді Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының туған күніне арналған Гала-концертке шақырамыз!
9 қазан күні сағат 18:00-де Сол жағалаудағы «Қайсар-Арена» стадионында өтетін керемет кеште елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Alem, «КешYOU» тобы, Балжан Бидаш және Сыр таланттары, әнші-композиторлар Индира Елубаева мен Үкітай Ерниязов өнер көрсетеді.
Кеш тізгінін ұстайтын танымал теле-жүргізушілер — Ғалымжан Кеңшілік пен Мереке Жалғасова!
Керемет әндер, жанды музыка, жарқын шоу, мерекелік көңіл-күймен қаламыздың мерейлі мерекесін бірге қарсы алайық!
Көңілді кештен қалыс қалмаңыздар!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!