Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Баласындай жігіттерге құмар»: Этнограф қоғамдағы жағымсыз құбылысқа алаңдаушылық білдірді

05.10.2026, 14:55 74

HALYQLINE.KZ

Этнограф Тұрар Сәттарқызы Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында қалталы әйелдердің жас жігіттерге қызығуы белең алып келе жатқанын айтты.

Оның сөзінше, бүгінде кейбір ауқатты әрі қызметтегі әйелдердің өздерінен едәуір жас жігіттермен «көңіл көтеруі» жиілей бастаған.

«Қызметтегі, ауқатты әйелдер өздеріне жас жігіттерді алдыртады дегенді естіп жүрміз. Бұрын керісінше естіп жүрдік қой, ер-азаматтар өздеріне тоқал алатын. Тоқал деуге келмес, ұят та болса айтайық, оны ойнас дейді. Қазіргі заманда бұл мәселе ер-азаматтарда ғана емес, жетістікке жеткен, жасы үлкен әйелдер арасында да кездесіп жатыр. Баласындай жігіттерге құмартады екен. Мұндайды Threads желісінен де оқыдым, өзімнің естігенім де бар. Жас жігіттер де жасы үлкен әйелдерді іздейді екен. «Олар жас қыздар сияқты емес, проблемасы жоқ» дейді. Көлік әперіп, жағдайын жасап қойғаннан кейін осындайға барып отыр», — деді этнограф.

Тұрар Сәттарқызы мұндай қарым-қатынасты қазақы тәрбие мен дәстүрлі құндылықтарға жат құбылыс деп бағалады. Оның пікірінше, материалдық жағдай үшін өзінен әлдеқайда үлкен адаммен қарым-қатынас орнатуға дайын жастардың пайда болуы – қоғам назар аударуы тиіс мәселе.

«Ол – қоғамның дерті. Қазаққа, қазақтың әйеліне жат дүние. Қазақтың осындай деңгейге түсіп кеткеніне жүрегің ауырады. Елге сөз айтып жүрген әйелдердің арасында да осындайлар бар екен. Өте өкінішті әрі жиіркенішті», — деді Тұрар Сәттарқызы.

Фото: Adal Adam

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: