Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұстаздар күнін мерекелеудің мәні жоғары

05.10.2026, 12:20 77

HALYQLINE.KZ

Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Тұтас қоғам болып Ұстаздар күнін мерекелеудің мәні жоғары. Себебі отаншыл, туған жерін қадірлейтін, білім мен еңбекті қатар қоятын ұрпақ тәрбиелеуде педагогтің орны айрықша.

Әр адамның өмірінде бағыт берген, үлгі болған, бойына адами құндылықтарды сіңірген ұстаздарының қадірі биік.

Түрлі салада ел дамуына үлес қосып жүрген жерлестеріміздің әрбір жетістігінде де ұстаз берген білім мен терең тәлімнің ізі бар.

Президенттің қолдауымен «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында өңірімізде жаңа білім беру ортасы қалыптасып, оқушылар мен ұстаздар үшін заманауи мүмкіндіктер жасалуда.

Біз ауыл мен қала мектептері арасын теңестіруге, балалардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамытуға басымдық беріп келеміз.

Өткен оқу жылында оқушыларымыздың 582 жүлделі орын иеленіп, ауыл мектептерінен республикалық олимпиадаға қатысқан 67 шәкірттің 33-і жүлдегер атанып, 4 974 түлектің мемлекеттік білім грантқа ие болуы педагогтер еңбегінің нақты нәтижесін көрсетеді.

Барша ұстазға жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі адал еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Ұстаздар күні құтты болсын!

Мұрат  ЕРГЕШБАЕВ,

Қызылорда  облысының  әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: