Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейде Тимур Турловты «иноагент» деп танымақшы

05.10.2026, 9:50 60

HALYQLINE.KZ

Ресейдің Бас прокуратурасы Мәскеу сотына кәсіпкер Тимур Турлов, оның серіктесі Аркадий Щукин және олардың компанияларына қарсы арыз түсірді.

«Коммерсантъ» басылымының жазуынша, бұған Турловтың Украина елшілігіне (1 млрд теңге), қазақстандық қорларға (371,5 млн теңге) және UNITED24 арқылы жедел жәрдем көліктеріне (2 млн евро) бөлген гуманитарлық көмегі себеп болуы мүмкін. Құзырлы орган оларды экстремист деп танып, мүлкін тәркілеуді көздеуде.

Өз кезегінде Freedom Holding Ресейде бизнесі мен активтері жоқ болғандықтан, бұл жағдай холдингке қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Соңғы шешімді анықтайтын алдын ала сот отырысы 15 қазанға жоспарланған.

Фото: dknews.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: