Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенім. Шындық. Сыйластық

02.10.2026, 8:00 30

HALYQLINE.KZ

Мен біреуге еріп ұстанымымды өзгертетін адам емеспін…

Достық па, бизнес пе, әлде махаббат па, бәрі де қағидат тұрғысынан СЕНІМ, ШЫНДЫҚ, СЫЙЛАСТЫҚ деген үш тірекке сүйенеді…

Сенім жоқ болса, жақын бола алмайсың…

Шындық жоқ болса, сенім орнамайды…

Сыйластық жоқ болса, екеуі де ұзаққа бармайды…

Өмір әрқашан әдемі бола бермейтіндіктен, жағдайды түсініп, икемді бола білуге болады…

Бірақ шындық пен өтіріктің аражігінде икемділікке жол беруге болмайды…

Шындықты қабылдау ауыр тисе де, саған тиімсіз болса да, жақын адамың қарсы тарап тұрса да, сайып келгенде шындықтың жағында тұрғайсың…

Өйткені ұстанымды болу дегеніміз қателік жібермеуді білдірмейді…

Қайта қателік жасаған сәтте өз-өзіңді ақтау үшін шындықты бұрмаламауды айтады…

Біреуден айырылып қалмау үшін ұстанымыңды жоғалтып алма…

Шындықты айналып өту арқылы ғана өмір сүретін қарым-қатынасты сақтап қалудың қажеті жоқ…

Біреуді өміріңде қалдыруды шешерден бұрын:

«Бұл қарым-қатынасты сақтап қалу үшін мен өзімнің кім екенімнен қаншалықты көп нәрсені жоғалтып жатырмын?» деп өзіңнен сұрап көр…

Сенімнің негізін қала…

Шындықты қорға…

Сыйластықты жоғалтпа…

Ал бұл үшеуін бұзатын нәрселермен ешқашан ымыраға келме.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: