Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақ өтті

22.09.2026, 12:26 65

Қызылорда қаласындағы №295 мектепте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ашық сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық жауапкершілікті арттыру.

9-сынып оқушылары үшін «Таза Қазақстан: Экологиялық жауапкершілік және болашақ» тақырыбында ашық сабақ өтіп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жауапкершіліктің қоғам мен болашақ үшін маңызы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасы жай ғана науқан емес, халықтың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге бағытталған маңызды жоба екенін атап өткен. Президент тазалық ең алдымен адамның сана-сезімінен басталуы тиіс екенін айтып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.

Осы бағытта сабақ барысында оқушылар алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, гүл көшеттерін отырғызды. Бұл – табиғатқа қамқорлық жасаудың және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың нақты көрінісі.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тазалық пен табиғатты қорғауды күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: