Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласына кірді

21.09.2026, 17:21 53

Қазақстанның екі ірі қаласы Oxford Economics әзірлеген Global Cities Index 2026 рейтингіне енді. Алматы әлем қалалары арасында 265-орын алса, Астана 281-орынға жайғасты.

Рейтингке әлемнің 1000 қаласы енгізілген. Бағалау кезінде экономика, адами капитал, өмір сапасы, қоршаған орта және басқару секілді көрсеткіштер ескерілген.

Қазақстандық қалалар әсіресе адами капитал бағыты бойынша жоғары нәтиже көрсеткен. Алматы бұл санатта 66-орынға көтерілсе, Астана 98-орыннан көрінді.

Global Cities Index 2026 рейтингінің алғашқы үштігін Нью-Йорк, Лондон және Париж түйіндеді.

Алматы мен Астананың үздік 300 қала қатарына енуі олардың халықаралық рейтингтегі позициясын күшейтіп, әсіресе білім, еңбек ресурстары мен адами капитал әлеуеті жоғары бағаланғанын көрсетеді.

Коллаж: Halyqline AI

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: