Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәтерді жылдың басында алған тиімді ме?

19.09.2026, 12:30 83

Қазақстанда пәтер бағасы маусымға бірдей бағына бермейді. Дегенмен соңғы төрт жылдағы статистика жаңа баспананың көбіне жылдың басында арзанырақ болатынын көрсетеді. 

2023 жылы жаңа үйдің ең төмен бағасы қаңтарда тіркеліп, бір шаршы метр шамамен 478 мың теңге болды. 2024 жылы минимум наурызға келді — 486 579 теңге. Ал 2025 жылы қаңтардағы баға 499 983 теңге болып, жыл соңына қарай 571 220 теңгеге дейін өсті. 

2026 жылы да осы үрдіс сақталған. Жаңа үйдің шаршы метрі жыл басында арзанырақ болып, тамызда 625 435 теңгеге дейін көтерілді. Қайталама нарықта ең төмен баға наурызда тіркелді — 624 495 теңге, ал тамызда 635 185 теңгеге жетті. 

Қайталама нарықта нақты бір «ең тиімді ай» жоқ. Мәселен, 2023 жылы ең арзан кезең тамыз болса, 2024 және 2025 жылдары қаңтар тиімді болған. Биыл ең төмен баға наурызда байқалды. 

Ал ең қымбат кезең көбіне жылдың соңына немесе екінші жартысына сәйкес келеді. 2024 және 2025 жылдары жаңа және қайталама нарықтағы ең жоғары баға желтоқсанда тіркелген. 2026 жылы әзірге максимум тамызға тиесілі. 

Сарапталған деректерге қарағанда, жаңа пәтер іздегендер үшін қаңтар-наурыз аралығын мұқият бақылаған тиімдірек. Бірақ бір жылдағы жағдай екіншісіне дәл қайталанбайды. Сондықтан үй аларда тек маусымға емес, сол жылғы айлық баға қозғалысына да қараған жөн. 

Коллаж: Kazinform / Freepik

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: