Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерасыл жарыстың жеңімпазы атанды

22.07.2020, 16:30 564

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен гір көтеруден ересектер арасында жекелей жарыс өтті.

Алғашқы рет «ZOOM» бағдарламасы бойынша онлайн жүйеде өткізілген жарыста қала мен аудандардың спортшылары бақ сынасты. Жарыс ережесіне сəйкес, спортшылар 32 келілік тасты серпе көтеруден сайысқа түсті. Әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді.

Нəтижесінде 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жалағаштық Ерасыл Əубəкір екі қолымен 32 келі тасты 61 рет көтеріп, топ жарды. Осылайша ол қарсыластарынан басым түсті. Ерасылдың бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 2 жылдан аса уақыт болды. Аталған мерзім ішінде спортшы ел біріншілігінде 2-орынды алып үлгерген. Облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

Осы салмақта сынға түскен қазалылық Жəнібек Аралбаев 32 рет көтеріп, күмісті иеленсе, қармақшылық Ермек Пазлиев 28 рет көтеріп, қола жүлдені еншіледі. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: