Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дональд Трамптың байлығы қанша?

16.09.2026, 9:05 79

HALYQLINE.KZ

АҚШ президенті Дональд Трамптың байлығы 7 млрд доллар болды. Бұл оның 2024 жылғы сайлауда жеңіске жеткен кезіндегі көрсеткіштен 2,7 млрд долларға көп. Бұл туралы egemen.kz сайты жазды.

«Қыркүйекте жаңартылған соңғы есеп бойынша Трамптың байлығы 7 млрд долларды құрайды. Президент 2024 жылғы сайлауда жеңіске жеткен кездегіден шамамен 2,7 млрд долларға байыды», деп жазды Forbes басылымы.

АҚШ президенті шетелдік компаниялармен жасалған келісімдер мен криптовалюта арқылы қомақты табыс тапқан.

Журналдың хабарлауынша, АҚШ тарихында саясаттан ешкім мұнша көп ақша таппаған.

Айта кетейік, Трамптың америкалықтарға 5 мың доллардан төлеу туралы уәдесін партияластары сынға алды.

Фото: gazeta.uz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: