Астанада 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
Бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын анықталды.
Маңызды матч «Астана Аренада» болады. Қазақстан футболы үшін бұл – ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.
2028 жылғы Суперкубокта УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының жеңімпазы кездеседі.
УЕФА суперкубогының жүлдесі. Фото: Sebastian Widmann — UEFA/UEFA via Getty Images
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!