Қазақстанның еркін күрес құрамасы Арменияның Ереван қаласында өткен халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды.
Жарыстың алғашқы күнінде 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев ерекше нәтиже көрсетті. Ол финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, америкалық Захид Валенсияны 12:11 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Осы салмақта Рүстем Мырзағалиев қола жүлдеге ие болды.
65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс медаль алса, Әділ Оспанов үшінші орынға тұрақтады. 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали қола жүлдені еншіледі.
Турнирдің екінші күнінде Мейрамбек Қартбай 61 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды. Ал Ернұр Нұрғазы 70 келіге дейінгі, Диас Сағдатов 79 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасы Еревандағы халықаралық бәсекені бір алтын, екі күміс және бес қола медальмен аяқтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!