Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын допқа» 30 футболшы үміткер

09.09.2026, 11:30 50

HALYQLINE.KZ

France Football басылымы 2026 жылғы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының тізімін жариялады. Үміткерлер арасында сегіз дүркін жүлде иегері Лионель Месси де бар, деп жазады penalty.kz.

МЕССИ ЕКІ ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Аргентиналық шабуылшы «Алтын допқа» екі жылдық үзілістен кейін қайта ұсынылып отыр.

Месси өткен маусымда «Интер Майами» мен Аргентина құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 75 голдық нәтижеге үлес қосты. Сондай-ақ ол ұлттық құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетті.

БАСТЫ ФАВОРИТ КІМДЕР?

2026 жылғы жүлдеге негізгі үміткерлер қатарында қазіргі «Алтын доп» иегері Усман Дембеле, сондай-ақ:

  • Килиан Мбаппе;
  • Харри Кейн;
  • Эрлинг Холанд;
  • Ламин Ямал;
  • Родри бар.

«АЛТЫН ДОПҚА» ҰСЫНЫЛҒАН 30 ФУТБОЛШЫ

Толық тізім:

  1. Усман Дембеле
  2. Джуд Беллингем
  3. Пау Кубарси
  4. Марк Кукурелья
  5. Луис Диас
  6. Бруну Фернандеш
  7. Эрлинг Холанд
  8. Габриэл Магальяйнс
  9. Харри Кейн
  10. Ашраф Хакими
  11. Хвича Кварацхелия
  12. Ламин Ямаль
  13. Маркиньос
  14. Садио Мане
  15. Килиан Мбаппе
  16. Лаутаро Мартинес
  17. Лионель Месси
  18. Нуну Мендеш
  19. Жоау Невеш
  20. Майкл Олисе
  21. Виллиан Пачо
  22. Хулиан Киньонес
  23. Деклан Райс
  24. Родри
  25. Ферран Торрес
  26. Дайо Упамекано
  27. Винисиус Жуниор
  28. Витинья
  29. Фабиан Руис
  30. Вильям Салиба

Айта кетейік, бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду биыл да үміткерлер қатарына енген жоқ.

Португалиялық футболшы бұл марапатқа соңғы рет 2022 жылы ұсынылған.

2026 жылғы «Алтын допты» табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда ұйымдастырылады.

Алихан  КУБЕЕВ.

Фото: static.champion.com.ua

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: