Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылының құрылғанына 60 жыл толуына орай мерекелік гала-концерт өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
60 жылдық тарихы бар ауылдың мерейтойы – елді мекеннің қалыптасу кезеңдерін саралап, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарды ұлықтайтын айтулы мереке. Салтанатты кеште ауылдың өткені мен бүгіні сабақтасып, елге еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсетілді.
Мерейтой аясында елді мекеннің қалыптасуы мен өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өміріне елеулі еңбек сіңірген азаматтар мерекелік медальдармен марапатталды.


Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Жеңіс Ысқақова, эстрада жұлдыздары Қуандық Рахым, Жандос Қаржаубай, Sadraddin, Raim және басқа да өнер иелері сахна көркін қыздырып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!