Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азия ойындары: Бокстан қазақтың намысын кімдер қорғайды?

08.09.2026, 18:00 35

Қазақстан бокс федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Көпсалалы спорттық додада ел намысын мына боксшылар қорғайды:

55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан

60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов

70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан

80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов

90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай

Жаза кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы да белгілі болған еді. Оның сапына Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) енді.

2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады.

Фото: olympic.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: