Қазақстанда мұғалімдерді кешкі уақытта ата-аналар чаттарындағы үздіксіз сауалдардан босату мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрліктің ұстанымы бойынша, ата-аналармен байланыс жасайтын уақыт нақты шектелуі керек. Ведомство басшысы мұғалімнің жұмыс уақыты мен жеке өмірінің ара-жігі сақталуға тиіс екенін айтты.
— Зерттеулер мен біздің позициямыз анық: біз ата-аналар чаттарында сұрақтарды сағат 18:00-ге дейін қоюға болады деп есептейміз. Сағат 18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу керек,— деді Жұлдыз Сүлейменова.
Алдағы уақытта сағат 18:00-ден кейін ата-аналар чаттарын толық бұғаттау немесе мұғалімнің жауап бермеу тәртібін енгізу мәселесі ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп талқыланады. Қазір бұл бастама нақты ереже ретінде әлі бекітілген жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!