Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ата-аналар жыртылған оқулықтарға шағымданды

02.09.2026, 16:15 69

Шымкенттегі мектептердің бірінде оқушыларға ескі әрі жыртылған оқулықтар таратылғаны әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Threads қолданушысы тозығы жеткен кітаптардың фото-видеосын жариялап, кей оқулықтардың мектепте шамамен 9 жылдан бері қолданылып келе жатқанын айтты. 

Желі қолданушылары да пікір қалдырып, өз мектептеріндегі ұқсас жағдайларды жазған. Кейбірі кітаптардың мұндай күйге түсуіне оқушылардың өздері де себеп болатынын, оқулықтарды кітапханаға бүлінген күйінде қайтаратынын атап өткен. 

Шымкент қалалық білім басқармасы жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомство дерегінше, 2025/2026 оқу жылында оқулық сатып алуға жергілікті бюджеттен шамамен 2 млрд теңге бөлініп, мемлекеттік білім беру ұйымдарына 554 382 кітап сатып алынған. 

Ал 2026/2027 оқу жылына оқулық қорын жаңарту үшін 2 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Қазір 11 баспадан 600 мыңға жуық жаңа оқулыққа тапсырыс беріліп, оларды Шымкентке жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. 

— Оқулықтар келіп түскеннен кейін тозған кітаптар кезең-кезеңімен ауыстырылады, ал оқулық тапшылығына қатысты мәселелер белгіленген тәртіппен шешіледі, — деп хабарлады қалалық білім басқармасы. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: