Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, қала әкімі Нұржан Ахатов қаладағы аяқсу арықтарының қазіргі жағдайын тексерді. Ғ.Мүсірепов көшесі бойындағы аяқсу желілерінің жай-күйін көріп, жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Қала аумағындағы 68 көшеде 98,6 шақырым арық жүйесі бар. Оның басым бөлігіне аяқсу жеткізілуде. Ол үшін 35 насос қондырғысы толық қуатымен жұмыс істеп тұр.
«Қызылорда тазалығы» мекемесі аяқсу жеткізілмеген көшелерге жерасты ұңғымалары арқылы су жіберуде. Қазір қаладағы арық және канал жүйелеріне күнделікті қадағалау жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!