Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Семей полигоны: тарихи тағылым мен ұрпақ аманаты

28.08.2026, 16:50 46

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал қаласында 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай «Семей полигоны: тарихи тағылым мен ұрпақ аманаты» атты тарихи-танымдық кездесу өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев төрағалық етіп, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, оның халыққа және қоршаған ортаға тигізген зардаптары, сондай-ақ ядролық сынақтарға қарсы қоғамдық қозғалыстың маңызы туралы сөз қозғады.

Кездесудің негізгі мақсаты – Семей ядролық сынақ полигонының тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу, сол кезеңнің куәгерлері мен ардагерлерінің естеліктерін тыңдау, аға буынның азаматтық ұстанымын дәріптеу және бейбітшілік құндылығын насихаттау.

Кездесу барысында «Семей ядролық сынақ полигоны және Халықаралық Невада-Семей қоғамдық ұйымының» аудандағы төрағасы С.Өтебалиев, Семей полигонының ардагері Т.Тиышов және Б.Қуатов өз естеліктерімен бөлісіп, тарихи кезеңнің тағылымы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара барысында Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының ресми түрде жабылуы – Қазақстанның ядролық қарусыздану жолындағы тарихи шешімі әрі халқымыздың бейбітшілікке деген берік ұстанымының айқын көрінісі болды.

Тағылымды кездесу концерттік бағдарламамен жалғасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: