Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінің жаңа нысандарымен танысты

28.08.2026, 16:05 55

HALYQLINE.KZ

27-28 тамыз күндері Қызылорда қаласында республикалық Журналистер клубының Қызылорда облысымен бірлескен кеңейтілген отырысы өтуде.

Іс-шара аясында өңірге арнайы келген журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметкерлері, медиа сарапшылар, журналистер, медиа менеджерлер мен блогерлер үшін Қызылорда қаласының көрікті жерлері мен жаңа әлеуметтік нысандарына экскурсия ұйымдастырылды.

Қонақтар алдымен қаланың сол жағалауындағы жаңа нысандармен танысып, «Қайсар Арена» стадионына барды. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларын тамашалап, Сыр өңірінің тарихы мен мәдениеті туралы мағлұмат алды.

Экскурсия барысында қатысушылар Президент саябағы мен Ботаникалық бақты аралап, қалада жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты. Бұдан бөлек, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы мен «Анаға тағзым» орталығының жұмысымен танысты.

Экскурсияның басты мақсаты – республиканың әр өңірінен келген медиа өкілдеріне Сыр елінің тарихи-мәдени мұрасын, заманауи келбетін және өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды кеңінен таныстыру.

Қонақтар Қызылорданың қарқынды дамып, жаңа нысандармен толығып келе жатқанын атап өтіп, Сыр өңірінің ерекше атмосферасы мен қонақжайлығына жоғары бағасын берді.

Қызылорда облысы «Қоғамдық келісім» КММ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: