Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЖСДП Құрылтайға баратын 8 депутатының тізімін жариялады

27.08.2026, 9:15 74

HALYQLINE.KZ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Құрылтайдың жаңа құрамында жұмыс істейтін 8 өкілінің тізімін жариялады.

Партияның Саяси кеңесі Президиумының отырысында ЖСДП атынан Құрылтайға кіретін кандидаттардың тізімі бірауыздан қолдау тапқан.

Партия ұсынған кандидаттар:

1. Асхат Рақымжанов – ЖСДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Социалистік интернационал халықаралық ұйымының вице-президенті.
2. Мақсұт Насибұлов – ЖСДП Орталық аппаратының басшысы.
3. Нұрайнаш Қамалова – ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы.
4. Лариса Ли – «PANA» жобасының жетекшісі.
5. Аслан Құлмағамбетов – ЖСДП Астана қалалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы.
6. Арман Ақылбай – ҚР Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің директоры.
7. Наурыз Сайлаубай – ЖСДП Жастар қанатының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.
8. Ажар Сағандықова – ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, ЖСДП Әйелдер қанатының жетекшісі.

Фото: zakon.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: