ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, дауыс беруге 9 351 539 азамат қатысқан. Сайлаушылардың алдын ала қатысу көрсеткіші 74,08%-ды құрады.
Нақтыланған деректер бойынша, «Әділет» партиясына 6 528 948 сайлаушы немесе дауыс бергендердің 71,17%-ы қолдау білдірді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға (ЖСДП) 469 058 сайлаушы немесе 5,11% дауыс берді.
«Байтақ» жасылдар партиясын 97 751 сайлаушы немесе 1,07% қолдады.
Қазақстан Халық партиясына 285 395 дауыс немесе 3,11% берілді.
«Ауыл» партиясына 574 621 сайлаушы немесе 6,26% дауыс берді.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясын 478 083 сайлаушы немесе 5,21%-ы қолдады.
Respublica партиясына 509 631 сайлаушы немесе 5,56% дауыс берілді.
Сонымен қатар сайлаушылардың 2,51%-ы «бәріне қарсымын» нұсқасын таңдады.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!