Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындары алдында есеп берді.
Қазіргі кезеңге дейін аудан әкімі 2 кент, 12 ауылдық округте тұрғындармен кездесіп, былтырғы жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы тоқталып өткен болатын.
Биылғы есеп беру кездесулерінің ерекшелігі еркін форматта ұйымдастырылды. Есепті жиынға ардагерлер, жергілікті тұрғындар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы Мұса Оспанұлы ауданның өткен жылдағы жалпы әлеуметтік экономикалық дамуы мен алдағы жылдағы межелі міндеттерді іске асыру туралы баяндамасында кеңінен тоқталды.
Былтырғы жылы аудан тұрғындары үшін ең маңызды атқарылған жұмыстарды талдап айтар болсақ, жолдар жөндеуден өтіп, Жосалы кентін газдандыру жұмыстары басталды.
Әлеуметтік нысандар мектептер мен Жыраулар үйі қайта жаңғыртылудан өтіп, көшелер жарықтандырылуда. Яғни, Қармақшы ауданында жүйелі жұмыстар істелген, тындырымды тірлік бар.
Осындай атқарылған жұмыстардың есебін жасаған аудан басшысы елдің ауызбірлігі болса, алдағы уақытта да ауданды көркейте беруге айшықты істер жасалатынын жеткізді.
Халық алдындағы есепті кездесуде аудан тұрғындары жылдық жұмысқа лайықты баға беріп, өз алғыстарын білдірді. Ұсыныстарын айтып, сауалдарына толыққанды жауап алды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!